Антикор «Болашақ» бағдарламасын не үшін тексерді – ұйым президентімен сұхбат
«Болашақ» президенті стипендия талаптарындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді
Azattyq Rýhy тілшісі халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозовамен әңгімелесіп, «Болашақ» стипендиясының талаптарындағы өзгерістер мен ұйымның жемқорлық тәуекелдерін жеңу үшін жасап жатқан жұмыстары туралы сұрады.
Әңгіме барысында А.Кәрібозова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысына орталықты тексеру туралы ұсынысты өзі айтқанын мәлімдеді. Стипендия талаптарындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Тек магистратура, докторантура, тағылымдамадан өтушілер ғана емес, бакалаврға үміткерлер де келешекте бұрынғыдай «Болашақ» стипендиясын жеңіп алуға үміткер болуы мүмкін екенін айтты.
Коронавирус пандемиясы әсерінен шетелде оқу әдістемесі қандай трансформацияға ұшырайтыны туралы болжамдар келтірді.
Ұйым президенті қашықтан оқу форматы арқылы үнемделген қаржы туралы да ақпарат берді.
«Коронавирустың жаппай таралуы жағдайында «Болашақ» стипендиаттары оқып жатқан ЖОО-лармен оқудың қашықтан оқу форматына көшірілуін ескеріп, сәуір-мамыр айларында оқу төлемақысын төмендету бойынша келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, 343 стипендиатымыз оқитын 25 оқу орны оқу төлемақысын 10 пайыздан 50 пайызға дейін төмендетті. Сол арқылы 325,1 млн теңге үнемделді», - деді Айнұр Кәрібозова.
Сұхбаттың толық нұсқасы төменде:
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан