ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус жұқтырған соң адам ағзасында қандай өзгеріс болады?

Дәрігер маманның кеңесі

Azattyq Rýhy тілшісі КВИ жұқтырған соң адам ағзасында болатын өзгерістер мен вирустан кейінгі қорқыныш синдромы, сырқаттан кейінгі болатын жөтел және тахикардия аурулары жайлы Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясының кеңесшісі, 1-ші дәрежелі отбасылық дәрігер Елена Хегаймен әңгімелесті.

СЫРҚАТ ЖЕҢІЛ ӨТСЕ, ӨКПЕ ЗАҚЫМДАНБАЙДЫ

КВИ жұқтырған науқастарда ауру салдарынан тіндер мен органдарда қалдықты өзгерістер туындауы мүмкін. Аурудың салдарын ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана түпкілікті жүйелеуге немесе сипаттауға болады. Ол үшін КВИ-ден сауыққан науқасты 2-3 жыл бақылау қажеттігі болуы мүмкін.

Вирус тыныс алу органдарын ғана емес, қатты қан тамырларын зақымдайды, микротромбоздардың ұсақ қан тамырларының тромбтармен бітеліп қалуы, соның ішінде өкпеде геморрагияның (ұсақ қан құйылу) пайда болуын тудырады. Аурудың белгісіз және жеңіл ағымында көптеген жағдайда өкпе құрылымы мен функциясы зақымданбайды, яғни, елеулі зақымдану байқалмайды немесе өкпе тіні ешқандай қалдық өзгерістерсіз қалпына келеді.

СЫРҚАТ АУЫР ӨТСЕ....

Коронавирус ауыр өткен жағдайда, вирус өкпе тінінің некрозымен және бұзылуымен қоса жүретін таралған өкпенің зақымдануын тудырады. Әсіресе, өкпенің ауыр деңгейде бұзылу процесі «цитокин дауылда» пайда болады. Бұл жағдайда вирустың кіруіне ағзаның аса қуатты иммундық жауап беруі, яғни, ағзаның жасушаларын зақымдайтын және бұзатын (цитокин) көп жасушалардың қалыптасуы байқалады. Мұндай өкпе тінінің ауыр деңгейдегі зақымдануы мен бұзылу жағдайында өкпе тіні бұрынғы қалпына келмейді. Тиісінше, бұзылған тіннің учаскелері тыртық ұлпамен ауыстырылады, медицинада оны фиброз деп атайды.

Тыртық тінде альвеолалар, бронхтар, тамырлар да жоқ. Сол себепті, бұл өкпе учаскесінің газ алмасу процесіне байланысты. Мұндай тыртық учаскелері немесе фиброздың таралуы неғұрлым көп болса, өкпенің сау жұмыс істейтін тіні соғұрлым азаяды. Айта кететіні, КВИ-ден кейін өкпе фиброзы адамдардың аз пайызында ғана байқалады. Көп адамда сауығып кеткеннен кейін өкпе қайта қалпына келеді немесе фиброз аймақтары аз мөлшерде болады. Ол тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайына еш әсер етпейді. Зақымдалған өкпені қайта қалпына келтір үшін үнемі қимыл-қозғалыста болып, тыныс алу гимнастикаларын жасап, тәулігіне кем дегенде 30 минут таза ауада серуендеу қажет.

ҚАҚЫРЫҚ ПЕН ЖӨТЕЛ КЕТПЕЙ ЖҮРСЕ...

Қақырық пен жөтел тыныс алу жолдарының инфекциядан сауығып шыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін, әсіресе пневмониядан кейін қақырық 8 аптаға дейін болады. Уақыт өте келе жөтел мен қақырық мөлшері азайып, ентігу жойылады. Созылмалы өкпе аурулары болған кезде демікпе, жөтел одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мұндай жағдайда аталған аурулардың базалық емін күшейту мақсатында дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Қақырық мәселесін жеңілдету үшін көп мөлшерде – күніне 2-3 литр жылы су ұсынылады. Сондай-ақ, дәрігер науқастың бронх спазмдарын азайту үшін арнайы препараттарды тағайындай алады. Темекі шегушілерге шылым тартудан бас тарту ұсынылады.

КОРОНАВИРУСТАН КЕЙІНГІ ТАХИКАРДИЯ

COVID-19 ауруын тудыратын вирус мүшелер мен жүйелерді, оның ішінде жүрек-қан тамырларын зақымдайды. Сондықтан созылмалы жүрек ауруларымен ауыратын адамдарда бұл ауру ауыр жағдайда өтеді. Егер вирустық инфекция кезінде адамдардың созылмалы аурулары тұрақты (асқынбай) түрде өтсе, онда COVID-19 фонында және одан кейінгі кезеңде жиі тұрақсыздануы, яғни, үнемі қабылданатын терапия фонында ауру ағымының нашарлауы байқалады.

Ғалымдар мен дәрігерлердің бақылауы бойынша, COVID-19 ауырған кезде жүрек бұлшық еттері немесе жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ететін тамырлары, сондай-ақ жүрек қызметінің ырғағы үшін жауапты жүрек құрылымының зақымдануы байқалуы мүмкін. Коронавирус жұқпа асқынулардың клиникалық сипатында - жүрек қағу, тез шаршағыштық, әдеттегі физикалық жүктемелерге төзе алмаушылық, жүрек тұсының шаншуы немесе жағымсыз сезім, жүректің шалыс соғуы болатын жағдайлар да кездеседі. Егер коронавирустан кейін жүрек қағу жиі мазаласа, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша отбасылық дәрігерге немесе кардиолог маманға жүгіну керек.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан