$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында бес балаға иіс тиді

Олар өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан зардап шекті

Алматы облысында бес балаға иіс тиді
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында бес бала көмірқышқыл газынан уланып қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы жағдай 15 қарашада болған. Құтқарушылардың мәліметінше бес бала ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған: газ конфоркалары ашық күйде қалып, мұржа тазаланбаған.

«Барлық бала орташа ауыр хәлде, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тұрғындарға жасалған ескерту көмектеспеген

Бұған дейін осы мекенжайдағы үй иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы ескерту парағы берілген. Соған қарамастан, сақтық шаралары сақталмаған, салдарынан балалардың улануына алып келген.

Үй иесінің жауапкершілігі

Үй иесін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары