15.11.2025, 12:57
Оқиғалар
Көкшетауда қонақ үйден өрт шығып, 150 адам эвакуацияланды
Қонақ үйге іргелес салынған асхана отқа оранған
Фото: ТЖД
Көкшетауда тоғыз қабатты қонақ үйдің асханасына жалғанған бөлмеде өрт шығып, 150 адам шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт асхана жанындағы құрылыстан шыққан
Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, Абай көшесіндегі қонақ үйге іргелес салынған асхана отқа оранған. Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына мамандар жеткен.
«Өрт жоғары қауіптілік дәрежесі бойынша тіркелді. Қонақүйден 150 адам өздігінен шығып үлгерді», – деді Ақмола облыстық ТЖД өкілі Ерсаин Қойшыбаев.
Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыды
Өрт қызметінің жылдам әрекетінің арқасында жалын 30 шаршы метр аумақта локализацияланып, толық сөндірілді.
Жапа шеккендер мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтауға кірісті. Қонақ үй ғимараты толығымен тексеріліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді