13.11.2025, 17:36
Оқиғалар
Астанада үстіне лифт құлап кеткен екі жұмысшы ауыр хәлде жатыр
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады
Фото: скриншот
Бүгін Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде үш жұмысшының үстіне лифт құлап кеткен еді. Өкінішке қарай, бір жұмысшы қаза тауып, екеуі жараланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бір жұмысшының жағдайы орташа ауыр хәлде, біреуі аса ауыр хәлде жатыр.
«Екі жұмысшы №1 қалалық көп салалы ауруханаға түсті. Біреуінің жағдайы орташа ауыр хәлде, екінші ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер қазір оларға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр», - деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді