$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Назар аударыңыздар, балалар!»: министрлік жалған ақпарат таратқан оқушыларға қандай жаза қолданылатынын айтты

Ведомство қауіпсіздікпен ойнауға болмайтынын ескертті 

«Назар аударыңыздар, балалар!»: министрлік жалған ақпарат таратқан оқушыларға қандай жаза қолданылатынын айтты
Фото: Freepik

Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға үндеу жасады. Ведомство терракт туралы жалған ақпарат таратқан балаларды жаза күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қауіпсіздікке қатысты ойыннан от шығуы мүмкін екенін есте сақтаңыздар. Оқушылар арасында мектеп аумағына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарату фактілері кездесуде. Егер біреу кездейсоқ немесе әдейі теракт туралы жалған ақпарат таратса, мұның салдары жазаға әкеп соғуы мүмкін. Мұндай әрекет үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе одан да қатаң шаралар қолданылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Министрлік хабарлағандай, егер бала заңды жауапкершілік жасына жетпесе, оның жауапкершілігі мен салдары ата-анасына жүктеледі.

«Әрдайым ойланып әрекет етіңіз! Қауіпсіздік – ойын емес!», - деді министрлік.

Серіктес жаңалықтары