$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Прокурорлар Яна Легкодимованы өлтірді деген екі жігітті өмір бойына соттауды талап етті

Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз кезінде екі күдіктіні өмір бойына соттауды сұраған еді

Прокурорлар Яна Легкодимованы өлтірді деген екі жігітті өмір бойына соттауды талап етті
Фото: instagram.com/legkodimova_

Бүгін Атыраудың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот отырысында жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушылар екі күдікті - Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты өмір бойына соттауды сұраған еді. Прокуратура өкілдері бұндай ауыр жазаның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот алдында екі тұлға отыр, олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітін және телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінге суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады», - деп хабарлайды прокуратура.

Дереккөзге сүйенсек, қылмыстық кодекстің 39-бабының талаптарына сәйкес, жаза әлеуметтiк әділдікті қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

«Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», - дейді прокуратура өз түсініктемесінде.

Серіктес жаңалықтары