Астанада тұрғын үйдің лифтісі құлап, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
Тағы екі жігіт ауыр жарақат алған
Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай орын алды: тұрғын үйдегі дифт 7 қабаттан 1-қабатқа дейін құлап түіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде және чаттарда таралған еді. Редакцияға бұл ақпаратты төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті растады.
Дереккөзге сүйенсек, үш лифтер лифтіні жөндеп жатқан. Екі лифтер ауыр жараланып, ауруханаға түсті. Механиктің бірі қатты жараланып, оқиға орнында жан тапсырған.
«Астанада еңбек қауіпсіздігін сақтамау бабына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Лифтіде бірнеше жұмысшы оны жөндеп жатқан. Екеуі жараланып, ауруханаға түсті. Біреу қаза тапты», - деп хабарлайды Астана полициясының баспасөз қызметі.