$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Түнде үйінде отырмаған»: Оралда 68 адам қайтадан түрмеге түсуге мәжбүр болды (ВИДЕО)

Олар пробация шарттарын бұзған

«Түнде үйінде отырмаған»: Оралда 68 адам қайтадан түрмеге түсуге мәжбүр болды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Орал қаласы прокуратурасы мерзімінен ерте босап шыққан тұлғалар арасында пробация тәртібін бұзған 68 адамды қайтадан колонияға жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Жалпы, бұндай жағдайлардың алдын алу үшін прокуратура сотпен бірлесе отырып сотталғандар арасында ашық сот отырысын өткізген.

Сондай сот отырысының бірінде шартты жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған азаматтың ісі қаралған. Дәлірек айтқанда, ол тіркеуге келмеген, бірнеше рет түнгі уақытта үйінде отырмаған.

«Оның ісін қараған сот  жазасын қайтатан түрмеге ауыстыру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлайды прокуратура.

Жалпы, прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл Орал қаласы бойынша бұрын шартты жазаға және бостандығын шектеуге сотталған 68 адам жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін қайтадан колонияға түскен. 

Серіктес жаңалықтары