12.11.2025, 11:15
Оқиғалар
Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)
Марқұмның жасы 71-де болған
Фото: скриншот
Ақмола облысы Шортанды ауданында балық аулауға кеткен 71 жастағы зейнеткер мерт болды. Мұз әлі қата қоймаса да ол көлдің ортасына дейін барып, балық аулағысы келген, деп хабарлайды
«КТК» телеарнасының жаңалықтар қызметі хабарлағандай, судың ортасына беріп, орындығын қоя бергенде мұз жарылып, зейнеткер орындығымен бірге мұз астына түсіп кеткен.
Оның денесін алып шығу үшін құтқарушылар қайықтың бір шетін жағаға байлап, көл ортасына дейін әрең жеткен.
«Қазгидромет» пен Төтенше жағдайлар қызметі қараша айының соңына дейін су бетіндегі мұз жұқа болатынын ескертіп, дабыл қаққан.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
