12.11.2025, 10:53
Оқиғалар
Бас прокуратура мен ҰҚК Маңғыстауда декреттегі әкені қолға түсірді
Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген
Фото: gov.kz
Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысындағы департаментімен бірлесе отырып көлік прокуратурасының қызметкерін қолға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, күдікті ер адам 9 қараша күні ұсталған. Басты айып – алаяқтық.
«2025 жылғы 9 қарашада Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған», - деп хабарлайды прокуратура.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
