$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау соты аула ішінде жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің айыппұлын азайтып берген

Көлік иесі енді 110 096 теңге айыппұл төлейді

Атырау соты аула ішінде жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің айыппұлын азайтып берген
Фото: istockphoto.com

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты биыл жазда аула ішінде жол қауіпсіздігін сақтамай, жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіге жеңілдік жасап, оның айыппұлын азайтқан, деп хабарлайды

Соттың мәліметіне сүйенсек, жол апаты 2025 жылы 3 шілдеде сағат 19:20 шамасында «Lada Granta» маркалы көлігімен жүріп келе жатып, подъезд тұсында жол қауіпсіздігін қадағаламай, жасөспірімді қағып кеткен. Бала құлап, жеңіл жарақат алған.

«Сот жүргізушіні әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Кінәсін мойындағандықтан,  айыппұлын 30% азайтқан», - деп хабарлайды сот.

Жүргізуші енді 157 мың теңге емес, 110 мың теңге айыппұл төлейді.

 

 

Серіктес жаңалықтары