07.11.2025, 14:50
Оқиғалар
«Еңбегі жемісін беріп, осы титулға жеткізді»: ФИФА президенті «Қайратқа» құттықтау хат жіберді
Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
ФИФА президенті Джанни Инфантино «Қайрат» футбол клубын чемпион атануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдаған.
«Осы хат арқылы Қазақстанның жаңа чемпионын - «Қайрат» футбол клубын құттықтауыма рұқсат етіңіз! Маусым бойғы тұрақты еңбегі мен көрсеткен нәтижесі лайықты жемісін беріп, осы маңызды титулға жеткізді. Командадағы әр ойыншыны және клубтың барлық мүшесін осы үлкен жетістікке байланысты құттықтаймын!» - деп жазады Инфантино.
Айта кетейік, жақында Алматының «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында чемпион атанған болатын.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді