$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күйзеліске түскен қазақстандықтар еңбекке жарамсыздық туралы парақ рәсімдей алады

Ол үшін маманның қорытындысы міндетті түрде болу керек 

Қазақстандықтар депрессия диагнозы қойылған жағдайда еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдей алады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Әсел Қыдырәлиеваның айтуынша, адамның еңбекке жарамсыздығын психиатр дәрігер растай алады. Орташа және ауыр деңгейдегі депрессия кезінде науқастар стационарда емделіп, сол кезде рәсімделеді. Амбулаторлық жағдайда да маманның тексерісінен кейін жұмысқа жарамсыздық құжатын рәсімдеуге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлем халқының шамамен 4 пайызы депрессиямен ауырады. Қазақстанда биыл 1517 адамнан осындай диагноз қойылған. Былтыр олардың саны 1457 болған.

Денсаулық сақтау саласын дамыту ұлттық орталығының дерегінше, елде депрессия диагнозы бойынша қанша еңбекке жарамсыздық парағы берілгені жөнінде нақты статистика жүргізілмейді

Серіктес жаңалықтары