06.11.2025, 00:30
Оқиғалар
Түркістан облысында екі адам мінген көлік суға түсіп кетті
Зардап шеккендер жоқ
Фото: видеодан скриншот
Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері суға түсіп кеткен көліктен екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше жеңіл автокөлік Сайрам ауданы Қарашық ауылындағы Қарашық каналына белгісіз жағдайда түсіп кеткен.
«Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері үйлесімді және жедел әрекет етіп, құтқару арқанын пайдаланып, ер адамдарды қауіпсіз жерге шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-да суға батып бара жатқан бір топ баланы құтқарып қалған Нұржан Жолжақсыновты марапаттаған болатын.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)