$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы жер сілкінісі туралы дер кезінде SMS жібермеген үш шенеунік сотталды

Былтыр 23 қаңтар күні Алматыда қатты жер сілкінген еді

Алматыдағы жер сілкінісі туралы дер кезінде SMS жібермеген үш шенеунік сотталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы прокуратурасы былтыр, 2024 жылы 23 қаңтарда Алматыдағы күшті жер сілкінісі туралы халыққа алдын ала ескерту жібермеген тұлғалардың сотталғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Прокуратураның ақпаратына сүйенсек, жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары сотталған. Алайда, олардың қандай жаза арқалағаны айтылмаған.

«Тергеу анықтағандай, «TNS-INTEC» ЖШС бас директоры жеке пайда табу ниетімен сапасыз жабдықты жеткізіп, орындалған жұмыстардың жалған актілерін рәсімдеген және осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған», - деп хабарлайды прокуратура.

Іс деректереніне сүйенсек, қаланың Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде халыққа ескерту жіберу үшін автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесін сатып алған. Бірақ, 2024 жылы 23 қаңтарда ол жүйе халыққа ескерту жібере алмай қалған.

Бұны президент пен Бас прокуратура назарға алып, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды тапсырған еді.

Серіктес жаңалықтары