Ең көбі – пара алғандар: ҰҚК қазан айында кімдерді қолға түсіргенін жариялады
Алдыңғы айда жалпы 83 қылмыс тіркелген екен
                        Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында әртүрлі баптар бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 83 адамды ұстаған. Олардың арасында ең көбі – пара алғандар, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, комитет қызметкерлері 83 фактіні мына баптар бойынша тіркеген:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;
 - 190-бап (алаяқтық) – 16;
 - 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
 - 206-бап (ақпаратты түрлендіру) – 1;
 - 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2;
 - 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;
 - 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
 - 366-бап (пара алу) – 26;
 - 367-бап (пара беру) – 11;
 - 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;
 - 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1;
 - 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
 - 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;
 - 433-бап (қылмыстық құқық бұзу фактісін жасыру) – 2.
 
Бұдан өзге, комитет 54 адамның ісін сотқа жіберген. Соның ішінде, «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзған бір адам, «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша 1 адам, «Алаяқтық» бабы бойынша 17 адам, «Пара алу» бабы бойынша 19 алам, «Пара беру» бабы бойынша 11 адам, «Парақорлыққа делдал болған» бес адамның ісі сотқа түскен.