Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты наурызда өтуі мүмкін
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті хабарлап отыр

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионатының ықтимал мерзімі жарияланды. Olympic.kz сайты халықаралық конькимен жүгірушілер одағының 2020/21 жылғы маусымға арналған жарыс кестесіне сілтеме жасай отырып, хабарлағанындай, әлем чемпионаты келесі жылы 22-28 наурыз аралағында өтуі мүмкін.
«Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты Швецияның Стокгольм қаласында өтеді деп жоспарлануда. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, әлемдік дода 22-28 наурыз аралығында ұйымдастырылуы мүмкін. Ал төртқұрлық турнирі 2021 жылдың 8-14 ақпаны аралығында Австралияның Сидней қаласында өтеді. Айта кетелік, әлемдегі ахуалға байланысты турнирлердің өту мерзімі өзгертілуі мүмкін», - деп жаады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.