Маңғыстау облысында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
Қайтыс болғандардың бірі - Өзбекстан азаматы

Маңғыстау облысында сұйытылған газды бір сыйымдылықтан екіншісіне айдау барысында жарылыс болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 20.40-та Мұнайлы ауданы, Баянды ауылына жақын маңдағы «Матайбаев» жеке кәсіпкерлігінің базасында көлемі 40 текше метр стационарлық сыйымдылықтан сұйытылған газды автоцистернаға айдау барысында ауа-газ қоспасының жарылысы болды. Өрт тұтанған жоқ. Оқиға орнында 46 жастағы және 33 жастағы ер адамдар қаза тапты. Олардың бірі – Өзбекстан азаматы», - деа жазылған хабарламада.
Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 13 адамы мен 2 техникасы, Полиция департаментінің 20 қызметкері мен 4 техникасы шықты.