23.10.2025, 17:07
Оқиғалар
«Әкесі мен баласы, анасы мен ұлы бар»: Ақтөбедегі ірі жол апатынан қаза болғандар кімдер
Әкімдік әзірге толық ақпарат бермеді
Фото: ІІМ
Бүгін таңертең Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатында қаза болғандар туралы алғашқы ақпарат тарай бастады. Облыс әкімдігінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар арасында бір үйдің адамдары бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әзірге белгісі, қаза болғандардың ішінде екі кәмелетке толмаған бала бар: біреуі 2022 жылы, біреуі 2016 жылы туған. Сондай-ақ, бір үйдің адамдары да бар.
«2022 жылы туған баламен бірге әкесі мерт болды. Сондай-ақ, анасы мен 18 жастағы ұлы бірге көз жұмды», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Бүгін, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапқан еді.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды