Бір ережені екі рет бұзған Астана тұрғыны 4 жылға сотталды
Жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт тағы да мас күйде көлік жүргізген

Бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт тағы да осы ережені бұзып, 4 жылға сотталды. Бұл жолы ол мас күйінде жол апатына себепші болған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Астана прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, сотталған жігіт Hyundai Starex автокөлігін басқарып келе жатып, Астана–Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқан.
Lada Priora көлігіне 700 мың теңге көлемінде шығын келген.
«Сот жүргізушіні Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.
Прокуратура бұндай қылмыстар үшін жаза мерзімі 10 жылға дейін барадтынын ескертеді.