$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразға кіріп келе жатқан көліктің жолаушыларын прокурордың өзі күтіп тұрып, ұстап алған (ВИДЕО)

Көліктен 24 келі есірткі табылған 

Таразға кіріп келе жатқан көліктің жолаушыларын прокурордың өзі күтіп тұрып, ұстап алған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Жамбыл облысының  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел ақпарат  бойынша, полицияға Тараз қаласының кіреберісінде «Ауди-80» маркалы көлік тоқтатып, төрт тұрғынды ұстаған.

«Құқық қорғау қызметкерлері көліктің багажынан  4 қап кеппеген марихуана тапты. Оның жалпы салмағы 24 келі 480 грамм болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, марихуана Тұрар Рысқұлов  ауданының құмды аймағында дайындалған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полициясы.

Көліктегі екі жолаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Күдіктілерді ұстаған кезде оқиға орнына Жамбыл облысының прокуроры келген», - деп хабарлайды ПД.

Серіктес жаңалықтары