23.10.2025, 12:32
Оқиғалар
Шұғыл: Алматыда жер сілкінді
Қанша балл екенін әзірге белгісіз
Фото: istockphoto.com
Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС-ның алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді. Қанша балл сезілгені туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Алматы тұрғындарына телефон арқылы жер сілкінісі туралы хабарлама келген.
ТЖМ кейінірек нақтылағандай, жер сілкінісі 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-да тіркелген. Ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км жерде орналасқан.
Алматы қаласында жерасты дүмпулері сезілмеген.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)