$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павел Дуров Луврдан ұрланған жәдігерлерді сатып алуға ниетті

Ол құнды заттарды Абу-Дабидегі Луврдің филиалында сақтамақшы 

Павел Дуров Луврдан ұрланған жәдігерлерді сатып алуға ниетті
Фото instagram.com/durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Лувр мұражайынан ұрланған қымбат қазынаны сатып алып, сақтап қойғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дуров құнды заттарды сатып алса, оларды Абу-Дабидегі Луврдің филиалына тапсыратынын айтты. Айтуынша, ол жақтан ешкім «ұрлап кете алмайды».

Ол сондай-ақ, бұл жағдайға мүлдем таңғалмағанын, тіпті «Францияның құлдырауының белгісі» деп бағалады. Оның пікірінше, француз билігі нақты мәселелерді шешумен айналыспай, азаматтардың назарын елеусіз қауіптерге бұрып отыр.

Еске салсақ, Парижде әлемдегі ең әйгілі музейлердің бірі Луврды қарақшылар 7 минутта тонап кеткен. Сарапшыларының айтуынша, жалпы ұрланған бұйымдардың құны кемінде 60 миллион еуроға тең. Ұрылар Наполеон әулетіне тиесілі бағалы бұйымдарды алып кеткен.

Серіктес жаңалықтары