Лувр музейіне қарулы шабуыл жасалды: Наполеонның қымбат бағалы заттары ұрланды
Мұражай жабылды, полиция қылмыскерлерді іздеп жатыр

Парижде әлемдегі ең әйгілі музейлердің бірі – Луврды тонап кетті. Францияның мәдениет министрі Рачида Датидің айтуынша, бүгін таңертең мұражай ашылып жатқан кезде белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bild басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Алайда БАҚ қылмыскерлер Наполеон мен Жозефина патшайымның зергерлік бұйымдар топтамасынан тоғыз затты ұрлап кеткенін хабарлады. Ұрланған заттардың арасында алқа, сәнді түйреуіш, тиара және басқа да бірегей әшекейлер болған.
Министр тергеу жүріп жатқанын растады. Оған жақын дереккөздің айтуынша, музейге бір топ қаскүнем баса-көктеп кіріп, оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Қазіргі уақытта олардың қайда екені анықталып жатыр.
Лувр әкімшілігі «айрықша себеппен» музей бір күнге жабылатынын хабарлады.