$ 538.12  627.02  6.65
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2025, 06:07
Әлем

Бразилияда жантүршігерлік жол апаты 17 адамның өмірін қиды

Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен

Бразилияда жантүршігерлік жол апаты 17 адамның өмірін қиды
Фото: pixabay

Бразилияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы аударылып кетіп, салдарынан 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Автобуста 30-ға жуық жолаушы болған. Жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген жолаушылардың саны әлі анықталған жоқ, деп жазды ABC News.

«Автобус 2025 жылдың 18 қазанында жол апатына ұшыраған. Полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жол жиегіндегі тасқа соғылған. Содан кейін қайта жолға түскенмен құм үйіндісіне соғылып, көлік аударылып кеткен», - деп жазды портал.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Жүргізуші жеңіл дене жарақатын алды, тест нәтижесі оның ішімдік ішпегенін көрсетті.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Мексиканың Атлакомулько қаласында қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар мінген автобусты қағып кетіп, ортасынан қақ бөлген болатын. Апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 40 адам жараланған. Қорқынышты апаттың видеосы бақылау камераларына жазылып қалған.

Серіктес жаңалықтары