СҚО-да ірі қара бруцеллезге шалдықты
Жұқпалы ауруға шалдыққан мал атаулы санитарлық союға жіберілді
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тимрязев ауданы Дмитриевка ауылында малдан бруцеллез табылды. Ветеринарлар үй жануарларын жоспарлы тексеру барысында 7 ірі қарадан аталған ауруды анықтаған. Жұқпалы ауруға шалдыққан мал санитарлық союға жіберілді. Осыған орай ауылда бруцеллез ауруының таралмауы үшін шектеу шаралары қойылды. Адамдарға жұғу фактісі тіркелген жоқ.
«Дмитриевка ауылдық округі әкімінің шешімімен ветеринарлық талаптарды орындау мақсатында маусымның 18-інен бастап, бұл елдімекенде шектеу шаралары енгізілді. Әр 15-20 күн сайын бруцеллез жұқтыруы мүмкін мал тексеріледі. Дерттің таралуына тосқауыл қою мақсатында елдімекеннен ет немесе малды шығаруға және кіргізуге рұқсат берілмейді», - дейді СҚО Ветеринария басқармасы бөлімінің жетекшісі Кайырлы Қазанов.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО