$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2020, 12:14
Оқиғалар

Жезқазғанда 14 жастағы бала қарындасын құтқарамын деп өзі суға батып кетті

Қызды сол маңда жүрген ересектер құтқарып алды

Жезқазғанда 14 жастағы бала қарындасын құтқарамын деп өзі суға батып кетті

Жезқазғанда 2006 жылы туған бала суға құлап кеткен қарындасын құтқармақ болғанда, өзі батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Жезқазғанның іргесіндегі тереңдігі 3 метрлік көлшікте болған.

«2006 жылғы бала 2007 жылғы қарындасын құтқарамын деп өзі суға батып кеткен. Қыз бала суға байқаусызда құлап кетіпті. Оны сол маңдағы куәгерлер құтқарып алды. Ал, ағасының денесін құтқарушылар су астынан алып шықты», - делінген аталған хабарламада.

24 маусымда Қазақстан бойынша 4 адам суға батып қайтыс болған. Жамбыл облысында «Vita fruit» ЖШС аумағындағы тоғанда 2001 жылғы жұмысшы шомылып жүріп суға кеткен. Оның денесін сол компанияның өзге жұмысшылары алып шықты.

Қапшағайда да кеше 2001 жылғы бозбала тілсіз жау құрбаны болды. Ол достарымен шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, батып кетті.

«Қайғылы оқиға сондай-ақ, Түркістан облысының Жетісай ауданында да болды. Қазыбек би ауылында үлкендердің қарауынсыз қалған 5 жасар бала каналға ағып кетті. Оның денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан», - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары