Блогер Жанабыловтардың ісі бәрі бір экономикалық қылмыс аясында тергелетін болды
Олар 15 қыркүйектегі сот шешіміне қарсы шыққан

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйелі Эльмира Төлегенованың адвокаты берген шағымды қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, 15 қыркүйек күні Астананың мамандандырылған әкімшілік құқық бұзу фактілері жөніндегі ауданаралық соты блогерлерге қатысты әкімшілік істі экономикалық қылмыстар жөніндегі тергеуге беруді қаулы еткен болатын.
Блогерлер істі тоқтатуды сұраған
Жанабылов пен Төлегенова бірінші сатыдағы сот шешіміне келіспей, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуды сұраған.
Апелляцияның шешімі
Материалдарды зерделегеннен кейін апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың қорытындысын негізді деп тапты. Яғни, барлық мән-жайларды анықтау үшін, соның ішінде жүлделердің құнын және алынған табысты ескере отырып, блогерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін оны экономикалық тергеуге берген.