Астана маңында екі бие мен бір сиыр сойған үш жігітті арнайы жасақ ұстап әкетті (ВИДЕО)
Олар бұл малдарды ұрлап алған
Астана маңындағы ауылдардан мал ұрлап, оларды сойып сатуды «кәсіпке» айналдырған үш жігіт тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, үш азамат та Ақмола облысының тұрғындары. Олар түнде өздері тұратын ауылдағы бір адамның қорасына кіріп, екі бие мен бір сиырын айдап әкеткен.
«Іздерін жасыру үшін күдіктілер малды орманға апарып сойған, етін көліктеріне тиеп, жартысын үйлеріне тыққан, жартысын сатқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары орманнан малдардың бас-терісін, ал трассаға апаратын іздерді тапқан. Сонымен қатар бейнебақылау камералары күдіктілердің қозғалысын тіркеп, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді», - деп хабарлайды полиция.
Тінту кезінде олардың арқаны, жүгені, пышақтары табылған.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды», - деп хабарлайды полиция.