Фурманов каналы 40 жылда бірінші рет тазаланып жатыр – Жамбылдағы жұмысшылар отбасын үш ай көрмеген
Каналдың ұзындығы 52 шақырым

Жамбыл облысындағы Фурманов каналы 40 жылда бірінші рет тазаланып жатыр. Бұл канал арқылы Шу өзенінің суы Түркістан облысының Созақ ауданына қарай ағады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, каналдың ұзындығы – 52 шақырым.
«Фурманов айналма каналын тазалау үшін арнайы техникалар тартылған. Атап айтқанда, 8 шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш. Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу маусымы басталғанға дейін 70 шақырымнан астам аумақты тазалау жоспарланған», - деп хабарлайды министрлік.
Ең қызығы, министрліктің мәліметіне сүйенсек, осы каналды тазалап жатқан кейбір жұмысшы үш айдан бері отбасын көрмеген көрінеді.
Осы тазалаудане кейін Шу өзенінен ағатын судың сапасы жақсарып, Созақ ауданындағы экологиялық жағдай жақсарады.