«Біреуді өлімге дейін жеткізген»: ҚМА зейнетақы қорынан ақша шешкен экс-полицей туралы айтты
Аслан Дүйсенов 1992 жылы туған

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қаржы мониторинг агенттігі жалған стоматология ашып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы «артық» ақшаны шешкен үш азаматқа іздеу жариялаған болатын. ҚМА солардың арасынан Аслан Дүйсеновті ерекше атап өтті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторинг агенттігінің ақпаратына сүйенсек, ол кезінде құқық қорғау органдарында жұмыс істеген екен.
«Аслан Дүйсенов бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шыққан. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған», - деп хабарлайды ҚМА.
Агенттік іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамдар Қаржылық мониторинг агенттігіне мына нөмір бойынша хабарласа алады дейді:
+7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.