«Мектепте балаларымызды бүрге талап жатыр»: Алматыда ата-аналар дабыл қақты
Олар Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шараларынан нәтиже жоқ дейді

Желіде Алматы мектебінде оқушыларды бүрге шағып жатқаны туралы хабарлама тарады. Анонимді түрде жария болған хатта ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«№127 мектепте балалар бүргеге таланып жатыр. Олар күн сайын үсті-басы шағылған күйде үйге оралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке өтініш жібердік. Алайда, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шаралар нәтиже бермей отыр. Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз және осы мәселені шешуге ықпал ете алатын барлық тұлғаға хабарлап, жедел және тиімді шаралар қабылдауды сұраймыз», - делінген хатта.
Желіде тараған видеода ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап алып көрсетті.