$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана түбіндегі зәулім үйіне мигранттарды «тығып отырған» әйел қолға түсті (ВИДЕО)

Полиция оның үйіне баса-көктеп кірген

Ақмола облысының полиция департаменті Астана түбіндегі Талапкер ауылында 49 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, әйел адам мигранттарға «құжат» алып беру үшін ақша алып отырған.  

«Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген. Фигуранттар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған», - деп хабарлайды Ақмола облысының полициясы.

Әйелдің үйінен құжат, мөр мен жалған анықтамалар табылған. Қазір полиция әйелдің сыбайластарын іздеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары