$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда бір көліктен домалап түсіп, екіншісінің астына түскен әйел аман қалды

Ол 65 жаста

Қостанайда бір көліктен домалап түсіп, екіншісінің астына түскен әйел аман қалды
Фото: t.me/NashaGazetaKst

Қостанайда жол ортасында таксидің есігі ашылып кетіп, егда жастағы әйел құлап түсті. Оны келесі көлік үстінен басып өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Наша газетаның хабарлауынша, оқиға Алтынсарин мен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Алғашында оқиға орнынан тараған фотоларға қарап әйел көз жұмды деген болжам болған, бағына орай ол тірі қалды. Алайда ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас есін біледі, жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Полиция аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдарды сотқа жолдады. Такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлікпен басу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары