Астанада 12 жастағы ұл Ана мен бала орталығын аяғынан тік тұрғызды
Медициналық орталық пікір білдірді

Астанадағы көпсалалы медициналық орталықта тығылып қалған 12 жастағы бала дүрбелең туғызды. Жасөспірімді іздеу кезінде жаңа туған сәби жоғалып кетті деген жалған ақпарат лезде тарап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
UMC Ана мен бала орталығының өкілдері болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«30 қыркүйекте сағат 15:55-те Ана мен бала орталығының қабылдау бөліміне 12 жастағы баласын ерткен әйел келді. Олар күндізгі стационарға жатқысы келген. Алдын-ала хабарласып, ескертпей келген соң, клиникада құжат рәсімделді. Сол уақытта анасының жанында тұрған бала өз бетімен кетіп қалған», - деп түсіндірді орталық.
Әйел баласын өзі іздеп таба алмаған соң, клиниканың күзетінен кемек сұраған. Орталықта «қызыл код» шарасы жарияланып, ғимараттың барлық есігі жабылып, бейнебақылау камералары тексерілген.
«Қауіпсіздік қызметі мен медициналық персоналдың үйлесімді жұмысының арқасында бала 30 минут ішінде табылды. Оқиға сәтті аяқталды, пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Ана мен бала орталығы пациенттердің, әсіресе кәмелетке толмағандардың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттарды қатаң сақтайды. Еске саламыз, әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Фактілерді бұрмалап, адамдарды шатастыруға байланысты мұндай әрекеттер құқықтық салдарға соқтыруы мүмкін», - деген клиника өкілдері қолайсыздық үшін кешірім сұрады.