01.10.2025, 15:24
Оқиғалар
Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшы мерт болды (ВИДЕО)
Олар топырақ астында қалған
Фото: istockphoto.com
Қарағандыда канализация құбырын ауыстырып жатқан екі жұмысшының үстіне топырақ опырылып кетіп, екеуі де қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Редакция осы жағдайға байланысты Қарағанды полициясынан ақпарат сұратқан. Дереккөз екі адамның өлімін растады.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары өлімнің мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі редакцияға.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
