ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Саусақ ізін алған»: Қостанайда түрмеден шыққан адам полицейге кектеніп, оны мерт қылды

Қаза тапқан полицейдің анасы ұлының жұмыс орнынан өтемақы өндіріп алды

«Саусақ ізін алған»: Қостанайда түрмеден шыққан адам полицейге кектеніп, оны мерт қылды

Қостанай облыстық соты аға криминалисті қасақана өлтіру ісіне байланысты анасының арызын қарап, оның құқығын қорғады: полиция департаменті марқұмның еңбек демалысында жүргенін сылтау етіп, өтемақы беруден бас тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сенсек, 2024 жылы түрмеден шыққан азамат Ұзынкөл ауылында полиция бөлімінің аға криминалисінен кек алу үшін оны өлтіріп кеткен. өйткені, ол қылмыс жасаған кезде марқұм өзінің кәсіби қызметін атқарып, оның саусақ ізін алған және оның кінәсін дәлелдеп, түрмеге жапқан.  Бостандыққа шыққан соң ол полицейдің үйіне заңсыз кіріп, оны өлтіріп кеткен.

Кейін марқұмның анасы ұлының қазасы үшін полиция департаментінен өтемақы сұраған.

«Алғашқы сатыдағы сот марқұм демалыста болғандықтан, оның анасының өтемақы талап-арызын қанағаттандырмаған. Алайда апелляциялық сот бұл шешімді жойып, Полиция департаментінен марқұмның анасына 60 айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде өтемақы өндіру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлайды Қостанай соттары.

Серіктес жаңалықтары