30.09.2025, 15:56
Оқиғалар
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам тіл тартпай кетті (ВИДЕО)
Тағы екі адам ауруханада жатыр
Фото: скриншот
Алматы облысында Lexus маркалы көлік жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан: апаттан сегіз адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы полиция департаментінің редакциямызға берген мәліметіне сүйенсек, жол апаты Алматы–Бішкек автожолының 107-шақырымында болған. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға түсті», - деп хабарлайды.
Ал әлеуметтік желіде жол апатының адам шошырлық видеолары мен фотолары таралып жатыр.
Көп оқылған
19.05.2026, 17:37
Бір-бірімен азғындық жасауға мәжбүрлеген: киімсіз үш ер адамның видеосы жұртты шошытты (ВИДЕО)
19.05.2026, 16:04
«Ташкенттен Куала-Лумпурға, одан кейін Балиге қашқан»: Сәрсемәлиевтің Қазақстаннан қалай шығып кеткені белгілі болды
19.05.2026, 16:39
«20 жылға сотталды»: Семейде оқушы қыз жиналысқа келген прокурорға өгей әкесінің зорлап жүргенін айтып, азаптан құтылған
19.05.2026, 09:58
Қазақстанда әйелінің көзіне шөп салатын ер адамдардың көбі Маңғыстау облысында тұратын болып шықты