$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теміртауда зейнеткерді қорлап, оны видеоға түсірген балалардың соты басталды (ВИДЕО)

Іс бойынша 9 адам сотталып жатыр

Қарағандының ювеналды соты резонансты істердің бірін қарап жатыр: Теміртауда қарияны қорлап, оны видеоға түсірген тоғыз жасөспірім сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Patriot Telegram арнасының жазуынша, тоғыз адамның тек екеуі ғана кәмелет жасына толған, қалған жетеуі әлі бала.

Балалар Теміртауда тұратын 67 жастағы зейнеткердің үйіне алдап кіргізіп, оны әбден қорлаған: теуіп, бетіне түкіріп, мазақ еткен. Әрі бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, таратқан.

Қылмыстық істі судья Динара Мүтібаева қарап жатыр. Істегі тоғыз айыпталушының ең үлкені – 33 жаста, ең кішісі – 15-те.

Естеріңізге сала кетейік, биыл көктемде Теміртау қаласында бір топ адам қарт кісінің үйіне баса-көктеп кіріп, оны ұрып-соққан еді. Полиция таяқ жеген адам Теміртауда қаласының 67 жастағы тұрғыны екенін анықтап, күдіктілерді тез тапқан еді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Серіктес жаңалықтары