29.09.2025, 17:45
Оқиғалар
Атырауда Шекара қызметіне қосылған жастар Ант қабылдады
15 сарбаз Отан алдында Ант берген
Фото: atyrautoday.kz
Атырау облысында 15 жас сарбаз Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына қосылып, салтанатты түрде Ант қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне сүйенсек, Ант қабылдау рәсіміне сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысқан.
«Үлкен ағалары да әскерге барған. Ұлым оларға қарап ер жетіп, шешім қабылдады. Нағыз азамат болып, Отанға қызмет етсін», - дейді сарбаздың әкесі Базарбай Мұқашев.
Айта кетейік, қазір облыста шамамен 100 сарбаз шекарада қызмет атқарып жүр. Көбі Құрманғазы, Исатай аудандары мен Аққыстауға бөлінген.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)