29.09.2025, 17:51
Оқиғалар
«Есірткіні бөтелкеге тығып алған»: Астанада жас қыздан жарты келі мефедрон тәркіленді (ВИДЕО)
23 жастағы бойжеткен қауіпті затты бизнеске айналдырған
Елордада 23 жастағы бойжеткен ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұсталды. Ол кіреберісінде жасырын «қоймаға» мефедрон тығып жатқан сәтінде қолға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеке тінту кезінде полицейлер одан ерекше иісі бар, мефедронға ұқсас зат салынған 40 түйіншек тапты. Ал пәтерін тексеру барысында шкафтан тағы жарты келі мефедрон, электронды таразы және есірткіні бөліп-орауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.
Тергеу мәліметіне сәйкес, қыз есірткі тобының «қоймашысы» болған. Яғни ол ірі партияларды қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы таратушыларға жеткізіп отырған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады