$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмолада пойызға кешігіп қалған бойжеткен вагонға тас лақтырып, терезесін сындырды

Оны көлік полициясы жазалады

Ақмолада пойызға кешігіп қалған бойжеткен вагонға тас лақтырып, терезесін сындырды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының Елтай станциясында «Көкшетау – Нұрлы Жол» бағытындағы электр пойызына кешігіп қалған бойжеткен пойыздың машинистіне тас лақтырып, кабинаның терезесін сындырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері бойжеткенді ұстап, «біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін» жауапкершілікке тартты.

«Оқиға Елтай станциясында, «Көкшетау – Нұрлы Жол» бағытындағы электр пойызы жөнелтілген кезде болған. Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, пойызға кешігіп қалған 22 жастағы бойжеткен есіктердің жабылғанын көріп, машинист кабинасына тас лақтырған. Салдарынан алдыңғы әйнек сынған», - деп хабарлайды полиция.

Абырой болғанда бригада жарақат алған жоқ. Мәжікенов мұндай әрекеттер өте қауіпті екенін ескерткен.

Серіктес жаңалықтары