$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да криптовалютаға қатысты ірі интернет-алаяқтық әшкереленді

Күдікті Астанада қолға түсіп, Оралдың изоляторына қамалған

БҚО-да криптовалютаға қатысты ірі интернет-алаяқтық әшкереленді
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері криптовалюта арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың ірі схемасын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рolisia.kz мәліметіне сүйенсек, азамат Астанада қолға түскен. 

«БҚО-ның 27 жастағы тұрғыны криптовалюта сатып алу-сату сылтауымен облыстың 20-дан астам тұрғынын алаяқтыққа «дроппер» ретінде тартқаны белгілі болды. Ұрланған қаражат дропперлердің банк шоттары арқылы өтіп, кейін Bybit және Binance платформаларына аударылған. Күдікті осы қызметі үшін сыйақы алып отырған», - деп хабарлайды дереккөз.

Ол Астана қаласында ұсталып, қазіргі уақытта Оралда қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын.

Айта кетейік, Астанада алаяқтарға көмектескен төрт дроппер ұсталған, оның екеуі – кәмелетке толмаған бала.

Серіктес жаңалықтары