$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий жағасына құтқару бекетін салу үшін 24 млн теңге бөлінген

Прокуратура рейд жүргізген

Каспий жағасына құтқару бекетін салу үшін 24 млн теңге бөлінген
Фото: istockphoto.com; Central Asia Climate Foundation

Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, азаматтар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке және коммуналдық жағажайларға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның рейді кезінде жағажайдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін 24 тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Енді Ақтаудағы «Солдатский» коммуналдық жағажайы заңнама талапбына сай жұмыс істейді.

Сондай-ақ, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 37 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 24 млн теңге – құтқару бекетін салуға, ал 13,5 млн теңге – 15 құтқарушының жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Каспий #жағажай