Петропавлда операциядан шыққан науқас аурухана терезесінен құлап қайтыс болды
Науқас психоздық халде болған
Петропавлда операциядан шыққан науқас кардиологиялық орталықтың 5-қабатынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың психикалық жағдайы өзгеріске ұшыраған. Таңертең жансақтау бөлімінен шығарылған Виталий Зелинский түске қарай жара таңу бөлмесінің есігін бұзып кіріп, терезеден секіріп кеткен. Марқұмның жүрегіне 16 маусымда ашық операция жасалған. Содан кейін 4 күн жансақтау бөлімінде жатты.
«Операция кезінде жасанды қан айналымы жасалды. Сондықтан гипоксикалық өзгерістер байқалды. Науқас психоздық халде болды. Ал сол күні таңертең жалпы жағдайы тұрақты еді. Қазір осыған қатысты өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның анық-қанығы сонда белгілі болады», - деді кардиологиялық орталығы бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Молжігітов.