$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 17:10
Оқиғалар

Атырау Түркістанға 9 млрд теңгеге мәдениет орталығын тарту етті

«Теңізшевройл» 4 млрд 200 млн теңге бөледі

Атырау Түркістанға 9 млрд теңгеге мәдениет орталығын тарту етті

Бұдан бұрын «АЖ» Атырау облысының Түркістан қаласына 1 млрд 31 млн теңгеге мәдениет орталығын тарту ететінін хабарлаған еді. Бірақ ол кезде тек 1-кезең туралы айтылған болатын. Ал құрылыстың жалпы құны - 9 млрд 119 млн теңге, деп хабарлайды Ақжайық.

Естеріңізге салсақ, былтыр желтоқсанда мемлекеттік сатып алулар сайтының порталында «Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы маңында  «Ұлы дала елі» орталығының құрылысы»  лоты қойылды (1 - кезең). Жұмыс құны 1 031 519 703 теңгеге бағаланды.

«Сол мердігер «BI Construction Turkestan» ЖШС-мен тағы 3 887 599 000 теңгеге жиынтық келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, демеуқаржы ретінде «Теңізшевройл» ЖШС 4 млрд 200 млн теңге бөледі. Осылайша, 2-кезең 8 млрд 87 млн теңгеге шығады, ал жалпы құрылыс құны (1-ші және 2-кезеңдер) - 9 млрд 119 млн теңге»,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары