Apple жаңа тауарын елге көрсетеді: iPhone 17 смартфонының қандай ерекшелігі бар
Компания смартфондарының жаңа дизайны өз циклын бастайды
9 қыркүйекте Apple компаниясы жаңа iPhone 17 смартфонын, оның флагмандық нұсқалары iPhone 17 Pro мен Pro Max-ты таныстырады, сондай-ақ корпусы ультра-жіңішке жаңа үлгі – iPhone 17 Air-ды ұсынбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сарапшылар iPhone 17 компанияның өзгеше дизайнерлік дәуірін бастайды. Базалық смартфонның экраны үлкен әрі бұрын тек қымбат үлгілерге тән болған ProMotion технологиясымен шығады.
Pro және Pro Max нұсқалары жаңа A19 Pro процессорымен жабдықталған. Олар бұрынғыдан гөрі қуаттырақ болмақ. Артқы бөлігінде үлкен камера блогы орналасқан, корпусы бұрынғыдай алюминийден жасалған.
Камера мүмкіндіктері де едәуір жетілдірілген. Алғаш рет 48 мегапиксельді телеобъектив орнатылады, айнымалы диафрагма жүйесі жақсартылады және алдыңғы әрі негізгі камерадан бір мезгілде бейне түсіру мүмкіндігі қосылады. Алдыңғы камера iPhone тарихындағы ең үлкен жаңартудан өтті.
Жаңа смартфондармен бірге компания басқа да құрылғыларын көрсетпек. Олар: жаңа буын Apple Watch, AirPods Pro 3, жаңартылған iPad Pro, Vision Pro гарнитурасы, Apple TV медиаплеері және HomePod mini ақылды колонкасы.
Мамандардың пікірінше, Samsung, Google және қытайлық брендтердің бәсекесі күшейген тұста Apple жасанды интеллектке емес, аппараттық жаңалықтарға басымдық беріп отыр. Компания үшін iPhone әлі де басты табыс көзі болып қала бермек.