06.09.2025, 14:24
Оқиғалар
Абай облысында биыл 800-ге жуық алаяқтық дерегі тіркелді
113 қылмыстық іс қозғалып, 22 күдікті ұсталған
Фото: polisia.kz
2025 жылдың басынан бері Абай облысында 756 алаяқтық фактісі анықталды. Полицияның хабарлауынша, осы деректер бойынша 113 қылмыстық іс қозғалып, 22 күдікті ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық қылмыстарға тосқауыл қою үшін «Антифрод» жүйесі қолданылып жатыр. Оның көмегімен 26,2 млн теңге бұғатталып, ұрланған қаражаттың сыртқа шығарылуына жол берілмеді.
Жәбірленушілерге қайтарылған ақша
Полиция департаментінің мәліметінше, биылдың өзінде тұрғындарға 17,8 млн теңге қайтарылған.
Полицияның ескертуі
Құқық қорғау органдары азаматтарға сақ болуды ескертті:
- бейтаныс қоңырауларға сенбеу;
- күмәнді интернет-хабарламаларға жауап бермеу;
- күдікті жағдай болса, дереу полицияға хабарласу.
«Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Кез келген күмәнді әрекет жайлы бірден 102 нөміріне хабарласыңыздар», – делінген ресми хабарламада.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды