$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Енді мені ұра алмайсыңдар»: Шымкентте мектеп оқушысының денесі табылды

Ол өз үйінің сарайында асылып қалды

«Енді мені ұра алмайсыңдар»: Шымкентте мектеп оқушысының денесі табылды
Фото: © istockphoto.com

Шымкентте 9-сынып оқушысы өз үйінің сарайында асылып қалды. Жасөспірімнің жақындары оның өліміне мектептегі жүйелі буллинг себеп болғанын айтады. Баланың телефонынан табылған жазбада ол төрт сыныптасын атап, «Енді мені ұра алмайсыңдар» деп жазып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Анасының мәлімдемесі

Анасы Жанерке Жұнұсбекованың айтуынша, кейінгі үш жылда ұлы мектепте құрдастарының қоқан-лоққысына жиі ұшыраған.

«Әкесінің қайтыс болғанын бетіне басып, мазақтап келді. Бір бала ақша мен темекі әкелуге мәжбүрлейтін. Қолынан келгенін істететін», – дейді ол.

Мектептің ұстанымы

Қайғылы жағдай қаладағы №32 мектепте болған. Құрбанының әпкесі де осы білім ордасында оқып, өзі де буллингке куә болғанын айтады. Алайда мектеп басшылығы фактіні жоққа шығарды.

«Біз бұл оқиға туралы кеш білдік. Ешқандай төбелес, ақша жинау болмаған. Оқушыны ешкім ұрған жоқ», – деді тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Райхан Тұлеева.

Тергеу басталды

Оқушының соңғы хатында аты аталған төрт сыныптасының бірі бұған дейін полиция есебінде тұрған. Қазіргі таңда бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары кінәлілерді және мектеп әкімшілігін жауапқа тартуды талап етуде.

Контекст

Айта кетсек, жақында бірқатар БАҚ пен пабликтерде Алматыда оқушы қыз мектептегі буллингтен кейін өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы іске қатысты шұғыл мәлімдеме жасады. Ал СҚО-да оқушылар суицид пен зорлықты насихаттайтын сайттарға емін-еркін кіргені белгілі болды. Атырауда туған баласын суицид жасауға жеткізген ер адам 6 жылға сотталып кетті. Сондай-ақ Алматыда 2009 жылы дүниеге келген бала суицид жасады және Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысы сарайда асылып қалған күйінде табылды.

Серіктес жаңалықтары